«BAYAN SULU 2018» байқауы 13 мамырға дейін ұзартылды

2018 жылдың 10 сәуірі – Жұртшылықтың «BAYAN SULU 2018» байқауына деген зор қызығушылық білдіруіне орай және де оған қатысқысы келелтіндер санының көп болуына байланысты интернеттегі дауыс беру мерзімін 13 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл жөнінде жоба ұйымдастырушылары Алматы қаласында өткен арнайы баспасөз мәжілісі кезінде хабарлады.

«Жобаның алғашқы күнінен бастап байқауға жұртшылықтың зор қызығушылық көрсетіп отырғанын байқап келеміз. 16000-нан аса адамнан өтінімдер келіп түсті, ал қазіргі күні байқауға 2100-ден аса қыз-келіншек қатысып жатыр. Халық дастанында жырланған ару бейнесін лайықты түде кейіптейтін нәзіктік пен махаббаттың ұлттық нышанын таңдағымыз келеді. Еліміздегі әрбір қыз-келіншекке осы арудың бейнесін өзіне шақтап көруге мүмкіндік беру үшін біз байқауымызды ұзартып отырмыз», - деп мәлімдеді «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Марлен Абулғазинов.

Байқау мерзімін ұзарту туралы шешімді хабарлауға қоса, ұйымдастырушылар жобаға қатысып отырған кейбір қыз-келіншектердің бәсекеге алақолдық жасап қатысып жатқандығы жөнінде айтып берді.

Мәселен, 2018 жылдың 7 наурызында «BAYAN SULU 2018» байқауының Ақпараттық қауіпсіздік қызметі байқау қатысушылары дауысты жинаудың тыйым салынған әдістерін қолданғанын анықтап, қазір дәлелдерді жинау үшін тергеу басталып кетті.

Берілген дауыстар базасын тексеру есебі  дауыстарды ашықтан-ашық қолдан жасап өсірген оқиғалардың бар екендігін көрсетті, атап айтқанда mail.ru сервері арқылы арнайы робот бірқатар қатысушылардың профиліне әрбір 2 секунд сайын дауысты жинап өсіріп беріп отырған. 16 наурызда байқау мамандары mail.ru пошта сервері арқылы дауыс беретін модульді алып тастады.

Оған қоса, қазір Ақпараттық қауіпсіздік мамандары әртүрлі сайттар мен форумдарда ақылы тапсырмаларды жариялау арқылы дауыс жинаудың тыйым салынған әдістерін 50-ден аса қатысушы қолданып отырғанын анықтады. Осы тұста бұл қатысушыларға дауыс беріп жатқандардың басым көпшілігі шетел азаматтары болып табылады, бұл «BAYAN SULU 2018» байқауының «Дауыс беруге тиісті жергілікті IP-адрестерден дауыс беретін Қазақстан Республикасының резиденттері ғана қатыса алады» деген 4.7 тармағын бұзу болып табылады. Сондай-ақ, осы ережелерде «Қатысушылардың рейтингін өсіру үшін адал емес әдістерді қолдануға тыйым салынады. Адал емес әдістерге арнайы сайттарда ақылы тапсырмаларды жариялау, бір компьютерден бірнеше аккаунттарды тіркеу және т.б. адал емес әрекеттер жатады» деген 4.3 тармағы қарастырылып қойғанын ескере отырып, байқау қатысушыларына осы ережелерге сәйкес шаралар қабылданады.

«Қажет болған жағдайда, тыйым салынған дауыс жинау әдістерінің қолданылғанын айғақтайтын бүкіл дәлелдер, қатысушылардың аттарын, скриншоттарды және басқа да ақпаратты көрсете отырып, жарияланып, құқық қорғау органдарына тапсырылады. Біз алақол тәсілдерден бас тартуға шақырамыз, хакерлік бағдарламалар және боттар көмегімен жиналған дауыстардың барлығы анықталып, алынып тасталды. Қатысушы қыз-келіншектердің барлығын адал түрде күресуге, ал қазақстандықтардың барлығын ақ ниетпен дауыс беруге үндейміз», - деп атап өтті «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Марлен Абулғазинов.

Естеріңізге салып өтсек, 20 ақпан күні Қазақстан қыз-келіншектері арасында Баян сұлу дастанында жырланған ару бейнесін кейіптеу үшін онлайн арқылы халықтық дауыс беру байқауы басталды. «BAYAN SULU 2018» бүкіл халықтық байқауы, бірінші кезекте, мәдени мұра мен қазақ халқының дәстүрлерін насихаттауға бағытталған әлеуметтік маңызға ие жоба болғандықтан, басты қағидалары - айқындық және адалдық. Онлайн арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша ақтық мәреге шыққан 5 қатысушының есімдері 13 мамырда белгілі болмақ. Өзіңізге ұнаған қатысушы үшін halykbayansulu.kz  сайтында дауыс беруіңізге болады.

АО «БАЯН СУЛУ»
[Закрыть]

Написать сообщение

Ваше имя

Email

Сообщение